Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылады

1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы әуе рейстері ашылады

baq.kz Бұл туралы бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты кезекті Үндеуінде айтты. 

Елімізде жолаушыларға арналған барлық әуе тасымалы тоқтады. Бұл дер кезінде қабылданған дұрыс шешім болды. Дегенмен, салыстырмалы түрде жағдайдың тұрақтанғанын ескеріп, Үкімет 1 мамырдан бастап Елорда мен Алматы арасындағы рейстерді ашатын болды. Мұндай шара азаматтармен қатар індетпен күресіп жүрген көптеген мамандардың жұмысы үшін қажет, - деді президент.Карантин режимін біртіндеп жеңілдету дегеніміз өзіміз үйренген күнделікті тіршілікке қайта оралу емес екенін ұғынғанымыз жөн. Ойын-сауық және сауда орталықтары, кинотеатрлар, ресторандар, саябақтар мен адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Жоғары оқу орындары, колледждер, мектептер қашықтан оқытуды жалғастыра береді, - деді Тоқаев.
Ол сонымен қатар, барлық қауіпсіздік шараларын мұқият ойластырып, авиациялық және санитарлық қызметтердің өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу маңызды екенін айтты.Мемлекет басшысы ел тұрғындарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.
27 сәуір 2020 ж. 438 0