Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ" АЯСЫНДА АБАЙ КӨШЕСІ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

"ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ" АЯСЫНДА АБАЙ КӨШЕСІ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында Арал қаласындағы Абай көшесін абаттандыру жұмыстарының жай-күйімен танысты.
Абаттандыру жұмыстарының басында болған аудан басшысы жобаны қолға алған мердігер компания өкілдерімен жолығып, жұмыстың сапалы атқарылуын міндеттеді.
Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыспен қамтылған аудан тұрғындарының заңдылыққа сәйкес аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, жолдануын қатаң бақылауды тапсырды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
16 маусым 2020 ж. 948 0