Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанып келеді: Облыс әкімдері Президентке есеп берді

Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.
Әкімдердің айтуынша, өңірлерде коронавируспен ауырғандардың қатары азайып, сауығып шыққан науқастардың саны көбейген. Жалпы жағдай тұрақталып келеді. Төсек-орындар мен дәрі-дәрмектердің қоры жасалған.«Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері аталған өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жайында баяндады»,-деп жазды Берік Уәли.
kyzylorda-news.kz«Президент ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Бұл ретте карантин шараларын сақтаудың маңызды екені және халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізе беру керектігі айтылды»,-деп жазды Баспасөз хатшысы.