Босанғаннан кейін төленетін жәрдемақының мөлшері қанша болатыны анықталды

«Ведомствоаралық әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығы» департаменті мамандарының мәліметіне сүйенсек, аталмыш жәрдемақының мөлшері бірінші, екінші, үшінші балаға 38 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Яғни, 2018 жылғы мөлшері - 91390 теңге. Төртінші және одан кейінгі балаларға 63 айлық есептік көрсеткіш, бұл дегеніміз 151515 теңге. Дүниеге егіз немесе үшем келсе, жәрдемақы әр балаға төленеді.