Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді

1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейді

«Эпидемиологиялық жағдайларға байланысты 2020-2021 оқу жылы қашықтан білім беру форматында басталады. Ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта білім алушылар саны 15-тен аспайды», – делінген ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.
Оқушылар мен педагогтердің температурасы күнде өлшеніп тұрады. Ал дене қызуы нормадан жоғары болған жағдайда және ауру белгілері анықталса, педагогтер жұмысқа шықпайды, ал оқушылар үйлеріне қайтарылады.
«Егер ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері ниет білдіріп, өтініш жазса, ал мектеп санитарлық нормаларды қатаң сақтауға дайын болса, бастауыш сынып оқушылары мектеп қабырғасында оқи алады. Мектептерде жоғары сынып оқушыларының кабинеттері бос болғандықтан, бұл кабинеттерді де бастауыш сыныптарды оқытуды ұйымдастыру үшін пайдалануға болады», – дейді министрлік мамандары.
kyzylorda-news.kz​​​
20 тамыз 2020 ж. 1 604 0