Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдердің білім грантына өтініш қабылдау ертең аяқталады

Әкімдердің білім грантына өтініш қабылдау ертең аяқталады

Жоғары оқу орнындарына жергілікті атқарушы органдардың білім грантына өтініштерді қабылдау ертең аяқталады. Бұл туралы ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Білім және ғылым министрлігі тарапынан белгілі бір көлемде әртүрлі бағыт бойынша грант бөлінеді. Әртүрі жергілікті атқарушы органдар атынан да гранттар бөлініп жатыр. Осы гранттарға конкурсқа бүгін және ертең өтініштер өткізуге болады. Жоғары оқу орындарында өтініштерді виртуалды қабылдау комиссиялары бар. Олар әлі жұмыс істеп жатыр. Осы вируталды комиссиялар арқылы белгілі бір әкімдіктің грантына өтініш беруге болады. Оларды қабылдау ертең кешке дейін жалғасады», – деді ол.
Сонымен қатар департамент басшысы ертеңнен бастап 2020-2021 оқу жылына арналған магистратура грантын ұтып алған үміткерлер жоғары оқу орнына барып, құжаттарын өткізу керектігін айтты.
«Сонымен қатар ЖОО-ға бармай-ақ виртуалды комиссиялар арқылы өткізуге болады.Жалпы, магистранттарға оқу жылы коронавирус індетіне байланысты 14 қыркүйектен басталады. Демек, келесі дүйсенбіден бастап барлық сабақ басталады және қашықтан оқыту технологиясы негізінде жүргізіледі. Тек техникалық бағыттардың зертханалық дәрістері аралас форматында болады. Бірақ, ол қазан айынан басталады», – деді Әділет Тойбаев.
07 қыркүйек 2020 ж. 499 0