"Коронавирус бақылаудан шығып барады": БҰҰ бас хатшысы мәлімдеме жасады

Бас хатшы көп ұзамай адамзат миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирус індетін еңсеретінін атап өтті және пандемияны жаһандық қауіпсіздік үшін "бірінші қауіп" деп атады.
Гутерреш көптеген адамдар вакцинаға үміт артып отырғанын айтады. Бірақ пандемияға қарсы панацея жоқ. Ол вакцинаның өзі дағдарысты реттей алмайтынына тоқталды.
"Дегенмен, вакцинаға бүкіләлемдік игілік деп қарау керек. Өйткені, COVID-19 эпидемиясында шекара жоқ. Бәріміз үшін қолжетімді адамдарға арналған вакцина керек", – деп жазады бас хатшының сөзін РИА Новости.
https://syr-media.kz/Ол алдағы 12 ай ішінде аурумен күресуге және емдеуге көмектесетін жаңа қолданыстағы құралдарды пайдалануды мейлінше арттыруға шақырды.
"Вируспен қатар біз болашақ вакцина туралы жалған ақпараттың да таралуын көріп отырмыз. Бұл қаскүнемдік теориясын өршіте түседі. Оның салдарынан әлемде вакциналарға деген сенімсіздік күшейіп келеді", – дейді Гутерреш.
Ол бірнеше елде көптеген адамдар өздерінің COVID-19-ға қарсы вакцинадан бас тартатынын айтып жатқандығы туралы да айтып өтті. Вакциналар туралы мұндай жалған ақпарат та аурудың өзі сияқты "өлімге әкелетін" жағдай дейді ол.: БҰҰ бас хатшысы мәлімдеме жасады