Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада күріш ору науқаны аяқталды

Қызылордада күріш ору науқаны аяқталды

Kyzylorda-news.kz. Өңірде күріш жинау науқаны аяқталды. Биыл диқандар 89,5 мың гектар жерге күріш егіп, 551 мың тонна өнім жинады. Астықтың шығымдылығы гектарына 61,8 центнерді құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіні ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Шахмардан Қойшыбаев мәлімдеді.
«Диқандар ауыл шаруашылығы дақылдарын агротехникалық талаптарға сай егіп, күтіп – баптау жұмыстарын өз мерзімінде жүргізді. Қазіргі таңда егін жинау науқаны толығымен аяқталды. Дала еңбеккерлері су тапшылығына қарамастан егілген егістен жоғары өнім алды»,-деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.
16 қазан 2020 ж. 795 0