Аралдық жас кәсіпкер "KYZYLORDA BUSINESS HUB" жобасының жеңімпазы атанды

Байқау 4 кезең бойынша өткізілді:
І. Аймақтық үйлестірушілерді дайындау
ІI. Start Up Weekend. Іріктеу кезеңі
ІІІ."Kbh school" кезеңі
IV.Final.
15 -17 қазан аралығында облыстық "Жастар ресурстық орталығының" ғимаратында өткізілген финалдық кезеңге ауданымыздан жолдама алған 3 қатысушы инвесторлардың алдында өз start up жобаларын қорғап, аралдық жас кəсіпкер Нағашыбаев Əсет Темірханұлы жиналмалы ас столдарын жасау жобасымен 250 мың теңгелік грантты жеңіп алды.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.