Қызылорда облысының мамандары үздіктер қатарында
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 20 қарашада тіл саясатымен айналысатын басқарма, бөлімдердегі ономастика жұмыстарын күшейту, сала мамандарының атау беру, қайта атау жұмыстарын жетілдіру және дамытуға ынталандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдарда қызмет істейтін мамандар арасында командалық «Ұлттық ономастика – Ел айнасы» республикалық онлайн конкурсы өтті.
Республикалық конкурсқа еліміздің 10 облысынан – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары қатысты.
Қызылорда облысының атынан облыстық ішкі саясат басқармасы, Жалағаш, Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тіл мамандарынан құралған «Яксарт»командасы қатысты.
Конкурсқа қатысушылар «Таныстыру», «Атаулар – сыр шертеді», «Жер-судың аты-тарихтың хаты», «Ономастика» кезеңдері бойынша сынға түсті.
Конкурс қорытындысының нәтижесімен облысымыздың «Яксарт» командасы Бас жүлдені жеңіп алып, 600 мың ақшалай сыйлыққа ие болды.
kyzylorda-news.kz