Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келер күннен күтеріміз көп

Келер күннен күтеріміз көп

Елдегі өзекті мәселердің шешілуі жолында Nur Otan партиясының орны ерекше. Халықтың қалауына қашан да құлақ асып, мемлекеттің дамуына, әлемнің озық елдері қатарына қосылуға бастайтын бастамаларды көтеріп, оның орындалуы үшін жүйелі жұмыс жасайтын аталған партияның бүгін кезектен тыс ХХ съезі болып өтті.Съезде көтерілген мәселелер мен алдағы уақытқа жоспарланған ауқымды істер халықтың көңілінен шығары даусыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қаржыны және жәрдемақыны негізсіз, оңды-солды таратуды доғару қажет. Мемлекет атаулы көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға беру керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділдік. Сол себепті мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға баса мән беріледі. Әлеуметтік саясатты жүргізгенде қиындыққа тап болған азаматтарға атаулы көмек көрсету шаралары күшейтіледі», – деді. Оның айтуынша, алдағы 5 жыл ішінде әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеу үшін 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінеді. Расында бұл жоспар халықтың ахуалының артуына, жақсы өмір сүруіне бастар қадам болмақ. Сондай-ақ алдағы Сайлаудан да күтілер нәтиже көп. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде тыңғылықты іс тындыратын Nur Otan партиясы қашан да халықпен бірге.
Е. Серікбаев,
қала тұрғыны
25 қараша 2020 ж. 393 0