Аралда жаңа оқу тоқсаны жаңалықпен басталды

Бұл сыныптарда балалар негізгі пәндерді, яғни қорытынды емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі міндетті компонентті пәндер бойынша білім алады. Пәндердің 70 пайызы - дәстүрлі форматта, 30 пайызы қашықтан оқытылады.
Ал, бала саны 300-ден аспайтын мектептерде сабақ барысы осыған дейінгідей дәстүрлі форматта ұйымдастырылып, қалған оқушылар қашықтан оқу жұмыстарын жалғастыра бермек.
ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №69 «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауын ұйымдастыруда және өткізуде COVID-19-дың таралуының алдын алу шаралары туралы» қаулысына сәйкес, сайлау учаскесі ретінде пайдаланылған білім беру мекемелерінде сайлау жұмысы аяқталғаннан кейін залалсыздандыру шаралары ұйымдастырылуына және санитарлық-эпидемилогиялық талаптардың қатаң сақталуына аудандық білім бөлімі қызметкерлері зерделеу жұмыстарын жүргізді. Білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова мектептердің жұмыс барысын бақылап, оқушылармен пікірлесті. Олар білім алуға деген ынталарының жоғары деңгейде және өздерінің мектеп қабырғасына келуіне қуанышты екендігін жеткізді.
Бала денсаулығын басты назарда ұстай отырып, сапалы білім беруде ұстаздар қауымы жауапкершілігі мол жұмысты абыроймен атқаратынына сеніміміз мол.