Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа қаулы қабылданды

Жаңа қаулы қабылданды

Бүгінгі күні Қызылорда облысы коронавирусық инфекцияның эпидемиологиялық ахуалы, ауру көрсеткіштері бойынша «жасыл» аймақта. Осыған байланысты облыста бірқатар шектеу шараларын жеңілдететін жаңа Қаулы қабылданды.
Бұл жаңа Қаулыда діни объектілер мен білім беру нысандарындағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына қатысты өзгерістер белгіленген.
Егер бұған дейін «жасыл» аймақтағылар үшін барлық діни объектілерде жұма намазын оқуға шектеулер қойылған болса, енді сыйымдылығы 150 адамға дейін, толымдылығы 25%-тен аспайтын мешіттерде, ауылдық жерлерде ғана жұма намазына рұқсат беріліп отыр. Ал басқа мешіттерде бұрынғыдай жұма намазынан басқа (бес намаз) ұжымдық құдайға құлшылық етуге рұқсат етілген. Бұл ретте мешіттердің толымдылығы 30%-ке дейін, бірақ 100 адамнан аспауы тиіс.
Екінші өзгеріс - білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне қатысты. Яғни білім беру ұйымдарындағы контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық дәстүрлі форматта оқитын мектептер, 1-ден 5-ші сыныпты қоса алғанда, оқу бітіретін 9, 11 (12) сыныптардағы оқушылар, колледждер мен жоғары оқу орындарының І курс студенттері үшін қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат етіліп отыр.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №67 Қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің №611 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалары мен талаптары, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимі, келушілер арасындағы әлеуметтік қашықтық қатаң сақталуы тиіс және асханаларды толтыру тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30%-нен аспауы қажет.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
10 ақпан 2021 ж. 384 0