Қызылордада 188,2 мың гектар алқапқа егін егіледі

Қазіргі таңда тұқым тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, егін маусымына 21 090 тонна жоғары репродукциялы күріш тұқымы, 638 тонна жаздық бидай, 50,4 тонна арпа, 8,6 тонна тары, 215,6 тонна жоңышқа және 164,2 тонна мақсары тұқымы қажет.
Сондай-ақ, шаруашылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 25,0 мың тоннасы, 5925 литр гербицид сатып алынды. Бұған қоса, көктемгі егінге су алуға қатысты жұмыстар жасалуда, – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев.
Көктемгі дала жұмыстарына 1821 трактор, 465 соқа, 229 тұқым сепкіш, 343 автомашина және 810 трактор тіркемесі қатысады. Қазіргі таңда 1088 трактор, 287 соқа, 138 тұқым сепкіш, 235 жүк көлігі, 531 трактор тіркемесі жөндеуден өткізілді.
baq.kz