Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көктемгі әскери қызметке шақыру науқаны басталды

Қазақстанда көктемгі әскери қызметке шақыру науқаны басталды

13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы күштерінің қатарын толықтырады

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы әскерге шақыруды осы жылдың бірінші шілдесінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Осы жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлыққа қол қойды.

Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты алдын алу шаралары қабылданды. Осы ретте әскерге шақырылушылардан екі рет, яғни, әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде ПТР-талдама алынады. Жаңа шақырылушыларға екпе жүргізу қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады.

"Биыл әскерге шақыру барысында азаматтарды хабардар етудің жаңа тәсілі қолданылады. Пандемия жағдайында қарым-қатынасты азайту үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервис қызметі пилоттық режимде SMS-хабарламалар жібереді", - делінген хабарламада.
Барлық әскерге шақыру жұмысы кеңес беру мүмкіндіктерін жеткізу арқылы барынша ашық түрде ұйымдастырылды. Осы мақсатта жергілікті әскери басқару органдары әлеуметтік желілерде пошта жәшіктері мен ресми аккаунттар құрды.

Әскери қызметке шақыру тәртібі жөнінде білу үшін қорғаныс министрлігінің сall-орталығына 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82 телефондары арқылы хабарласуға болады.

sputnik.kz​​​
01 наурыз 2021 ж. 541 0