Қызылордада экономикалық тергеу департаментінің басшысы тағайындалды

Темірбеков Рашид Темірбекұлы 1976 жылы дүниеге келген, біліктілік сыныбы 1-санат. 1999 жылдан бері республиканың түрлі аумақтарында құқыққорғау органдарында басшылық қызмет жасап келеді. 2019 жылдың маусымынан бастап Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы.
Үстіміздегі жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің №501 Жарлығымен Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық жəне қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу жəне тергеп-тексеру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынышты Қаржылық мониторинг агенттігі құрылған болатын.
1 наурыздан бастап барлық аумақтық департаменттердің жаңа құрылымы бекітілуде.
kyzylorda-news.kz