Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін – Дүниежүзілік бүйрек күні

Бүгін – Дүниежүзілік бүйрек күні

Халықаралық нефрологиялық қоғам (International Society of Nephrology) мен Бүйрек қорлары халықаралық федерациясының (International Federation of Kidney Foundations) бастамасымен жыл сайын, наурыздың екінші бейсенбісінде Халықаралық Бүйрек күні (немесе Бүкіләлемдік Бүйрек Күні) аталып өтеді. Бұл атаулы күннің мақсаты – халықты бүйрек ауруы туралы кеңінен хабардар ету, ауруларды ерте диагностикалау болып табылады.ДДСҰ деректері бойынша бүйрек ауруларымен ауыратын науқастар саны жер шарында өсіп келеді.

Бүйрек күнінің басты мақсаты – бүйрек ауруларымен ауыратын адамдар санын азайту үшін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың назарын аудару.

Адамның қос бүйрегі – қандағы барлық қажетсіз заттарды сүзіп, тазартатын ең қажетті мүше. Ал егер ағзада қандай да бір кәдеге асатын зиянсыз сұйықтықтар кездессе, бүйректегі талшықтар оларды сақтап қояды. Әлдеқандай жағдаймен адам суға шөліркеп, қиналған сәтте бүйрек әлгі сақтап қойған сұйықтықтарды шығарып, тіршілікті әрі қарай жалғастыруға себеп болады. Бүйректі ағзаның қамқоршысы дейтініміз де сондықтан. Өкінішке қарай, бүйректің дертіне ұшыраған жандар елімізде баршылық. Көпшілігі ауруын елемей жүріп, бүйрегі әбден істен шыққанда дәрігерге қаралады екен.

Бүйрек дертін алғашқы сатысында емдеген жеңілірек. Ал сырқат асқынған жағдайда еңбекке жарамсыздыққа, тіп¬ті, мүгедектікке дейін әкелуі мүмкін. Бүйрек аурулары жүрекке салмақ түсіріп, 30 пайызында инфаркт пен ин¬сульттің себебі болады екен. Сондықтан жүрегі ауыратындар, қан қысымы бар жандар бү鬬регін де тексертіп алғаны абзал.

Бір ескерерлігі, бүйректің ауруы бастапқы кезде білінбейді екен. Оның алғашқы белгілері: әлсіздік, ұйқысыздық, тамаққа тәбеттің болмауы. Бұған ешкім мән бере бермейді. Аурудың асқынып кететіні де содан.

Бүйрек ауруының дамуына қарсы бірнеше қарапайым тәсілдер бар: 1. Салауатты өмір сүру салтын сақтау. Дене шынықтырумен айналысыңыз. Дене шынықтыру бүйрек ауруларының қаупін азайтады.

2. Қандағы қанттың деңгейін қадағалау. Қант диабетімен ауыратын адамдардың тең жартысында бүйректің созылмалы ауруы пайда болады, сондықтан мұндай науқастарға жылына бір рет бүйректі тексерту қажет. 3. Қан қысымын бақылау. Гипертензия бүйректі зақымдайтын себептердің бірі. 4. Дене салмағын бақылау. Тұзды пайдалану мөлшерін күніне 5-6 граммға дейін азайту (бір ас қасық шамасында).

5. Күніне 1,5-2 литр су ішу. Суды шырындармен немесе газды сусындармен алмастырмаңыз. Суды жеткілікті мөлшерде тұтыну бүйрек ауруының дамуын тежейді.

6. Шылым шекпеу. Никотин – бүйректегі қанды қоюлатып, қан айналым қызметін баяулатады. Бүйректің қатерлі ісікке шалдығу қаупін арттырады. 7. Дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауынсыз қабылдамау. Кейбір дәрілердің нефротоксикалық әсері бар.

8. Егер сізде – қант диабеті, гипертензия, артық салмақ болса немесе отбасы мүшелеріңіздің біреуі бүйрек сырқатымен ауыратын болса, онда бүйректі тұрақты түрде тексертіп тұрыңыз.

syrboyi.kz
11 наурыз 2021 ж. 523 0