COVID-19 жұқтырғанда өлім қаупін екі есеге арттыратын фактор аталды

Мамандар коронавирус жұқтырған 372 науқастың ауру тарихын зерттеп шыққан. Олар 10 наурыз бен 23 шілде аралығында Лондон мен Бирмингем ауруханаларына жеткізілген. Олардың ішінде, 216 науқастың бүйрек аурулары болған. 107 адам (шамамен 50 пайызы) қайтыс болған.
Сонымен қатар, бүйрек аурулары жоқ 32 адам (21 пайыз) қайтыс болған. Ғалымдар коронавирус кезіндегі өлімнің бүйрек ауруларына тәуелділігін вирустың негатив әсерімен және улы дәрілерді қолданумен байланысты деп болжады.