Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Google өлімді болжайтын жасанды интеллект жасап жатыр

Google өлімді болжайтын жасанды интеллект жасап жатыр

Google-дың DeepMind деп аталатын бөлімшесі науқастың ағзасындағы өзгерістерді болжайтын жасанды интеллект жасап жатыр. Бұл жаңа әдіс науқастың қандай жағдайда жатқанын анықтайды. Әзірлеушілер мақсаттарын жүзеге асыру үшін АҚШ ардагерлерінің ісімен айналысатын министрлікпен байланыс орнатқан.

Бұл туралы Google-дың ресми парақшасында жарияланды деп, хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Сарапшылар 700 мыңға жуық бұрынғы әскери қызметкерлердің ауру тарихын «нейрондық желіге»  салып, талдау жасады. Бұл жазбаларға талдау жасалғаннан кейін бүйрек қызметінің бұзылуы, пневмония сияқты кейбір аурулардың алғашқы белгілерін жылдам анықтауға болады. Жүйе құрастырушылар бұл аурулардың айтпай келетінін біліп, дәл осы диагнозға көңіл бөлген.
«Кез-келген жастағы адамдар бүйрек қызметінің бұзылуынан зардап шегеді. Бүйрекке қатысты аурулар әдеттегі процедуралар мен операциялардан кейін басталады», – делінген компанияның блогында.
Сарапшылардың айтуынша, ауруханадағы барлық өлім-жітімнің 11 пайызы науқастың әл-ауқатының нашарлауына байланысты. Олар науқастың ағзасындағы өзгерістер әрқашан емделудің бастапқы кезеңінде байқалмауы мүмкін деп отыр.
DeepMind-тің құрастырып отырған жаңа әдісі медбикелердің науқастарға дұрыс және уақтылы қамқорлық жасауына көмектеседі. Сонымен қатар, адамдарды емдеу кезінде медициналық қателіктер саны азаяды. Мамандар науқас жағдайының нашарлауының басқа да себептерін анықтайтын тәсілдерді қолдануды жоспарлап отыр.
Stan.kz
01 наурыз 2018 ж. 2 009 0