Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды

2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында 2018-2019 оқу жылы қолданысқа енгізілетін оқулықтардың алдын ала нұсқасы жарияланды.

Бұл туралы орталыққа сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 3, 6 және 8 сыныпқа арналған оқулықтардың «Қоғамдық бағалау» порталына орналастырылғанын хабарлайды»,-делінген хабарламада.
«Қоғамдық бағалау» порталы оқулықтардың сапасына қатысты сын-пікірлер мен ұсыныстарды қабылдауға арналған портал. Онда ата-аналар, сондай-ақ педагогтар сараптамадан өтіп жатқан оқулықтардың алғашқы нұсқасын қарып шығып, өз пікірлері мен ұсыныстарын қалдыра алады. Келіп түскен сын-ескертпелер, сондай-ақ кітаптардың сапасы мен мазмұнын жақсартуға қатысты ұсыныстар оларды өңдеу кезінде назарға алынатын болады.
26 ақпан 2018 ж. 2 836 1

Austmok от 8 мамыр 2019 08:19
Cialis 5 Vademecum Viagra Radio Commercial levitra Uk Propecia Sales Cialis Longue Duree Preisvergleich Cialis 20 Mg 12