Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты

Ғалымдар коронавирус жұқтырғанда кімдер 12 есе жиі көз жұматынын айтты

АҚШ-тағы Калифорния университетінің ғалымдары коронавирус жұқтырған адамдардағы қант диабеті өлім қаупін 12 есеге арттыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды SputnikҚазақстан.
Сарапшылардың айтуынша, қант диабеті бар адамдар коронавирус жұқтырса өзгелерге қарағанда жиі ауруханаға жатуды қажет етеді. Өйткені, олардың дерті ауыр болғандықтан өлім қаупін 12 есеге арттырады.
Калифорния университетінің профессоры Пракаш Дидванья қант диабеті иммундық жүйені әлсірететінін еске салып, қан құрамындағы қант деңгейін үнемі тексеріп, дәрігерлерге жүгініп отыруға шақырады. Сондай-ақ, қант диабетімен ауыратындар белсенді әрекет етіп, үнемі ұйқысы қанық болып жүруі тиіс.
Сонымен қатар, дәрігерлер қант диабеті коронавирустық инфекцияның ауыр ағымына әкелетін факторлардың арасында екінші орында екенін айтады. Қауіптілігі жоғары дерттің алдыңғы санатына жүрек-тамыр аурулары жатқызылған.
https://syr-media.kz/
27 шілде 2020 ж. 684 0