Қызылордада коронавирусқа қарсы қосымша егу пункттері ашылды
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлағандай, бұған дейін коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары тек 3 емханада жүргізіліп келген болса, наурыз айынан бастар олардың саны 14-ке жетті.
COVID-19-ға қарсы екпе жүргізуге жұмылдырылған барлық егу пункті санитариялық нормалардың талаптарына сәйкес келеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні облысқа жеткізілген Қарағанды фармацевтикалық кешенінде өндірілген «Спутник-V» вакцинасының 6200 дозасы «салқын тізбек» қағидалары сақтала отырып, қалалық, аудандық емдеу мекемелеріне жеткізілді. Сәйкесінше тиісті контингенттерді вакциналау басталып кетті.
Бүгінгі күні «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентімен облыс бойынша барлығы 2119 адам егілді, ал екінші компонентімен ревакциналаудан өткен адамдар саны 710-ды құрап отыр.
baq.kz