Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Масленица» мерекесі өтті

Қызылордада «Масленица» мерекесі өтті

Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Масленица» мерекесі өтті.
Дәстүрлі Масленица – қысты шығарып салу мен көктемді қарсы алуға арналған бір апта бойына жалғасатын мереке. Шараға облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков, РФ Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Ольга Мощеева, этномәдени бірлестіктің жетекшілері және қала тұрғындары қатысты.

Жыл сайын тойланатын шарада «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков барлық қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтап өтті. Ал, РФ Алматыдағы Бас консулдығының өкілі Ольга Мощеева әрдайым белсенділік танытып жүрген «Славяне» орталығының мүшелеріне ризашылығын білдіріп, консулдық атынан сый-сияпат көрсетіп, марапаттады.

«Славяне» қоғамдық мәдени-орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова мерекенің мән-мағынасын түсіндіріп, оған атсалысқан барша жандарға алғыс айтты.
Әсем ән де, ұлттық киімдермен жасанған көркемөнерпаздардың мың бұралған билері де бұл күннің шырайын келтіре түсті. Этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен ойындар ойнатылды. Сондай-ақ, тәттілер мен қолөнер туындылары көрмеге қойылды. Ал, Масленица мерекесінің дәстүрлі тағамы құймақ мерекеге қатысушыларға тегін таратылды. Мектеп оқушылары арасында спорттық ойындар ұйымдастырылып, қуыршақты жағу рәсімін де көпшілік қызыға тамашалады.
kyzylorda-news.kz​​​
15 наурыз 2021 ж. 656 0