Бірқатар жобаға қозғау болған басқосу
Кеше «Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды қолдау: даму мен өркендеу мақсатындағы серіктестік» тақырыбында форум өтті.
Форумға Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, бизнес құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы», яғни халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға белсенді атсалысып, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауындағы міндеттерді орындауға Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарын сергектікпен үлес қосуға шақыру және аудандық, ауылдық үкіметтік емес ұйымдарының қызметін күшейту бағытында бірлескен шаралар қабылдау мақсатындағы жиынды ұйымдастырушы «Арал теңізі» ҚҚ директоры, «Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова ашты.
Содан соң, «Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден сөз алып, аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын талдап өтті.
Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Махмут Марат аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына талдау жасады. Өз баяндамасында ол:
– Қазіргі таңда аудан көлемінде 53 азаматтық қоғам институттары тіркелген. Олардың 30-ы – аудандық қоғамдық бірлестіктер, 11-і облыстық қоғамдық бірлестіктердің аудандағы филиалдары және 12 қоғамдық қор тіркелген. Ауданда гранттармен «Арал теңізі», «Арал әйелдері», «Ғайберен», «Өрлеу-консалтинг», «Жаңа Арал толқыны» мен «Байтақ дала» жұмыс істеуде. Балық шаруашылығын дамыту, жерді құнарландыру, ауыл әйелдерін қолдау, аудан маңындағы шөлейтті учаскелерде орман тәлімбағын құру және басқа да жобаларды жүзеге асырып келеді. Аудан көлемінде биылғы жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 12 жобаға жалпы сомасы 121, 102 млн теңге бөлінді, – дей келе, «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурс орталығы жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы жүзеге асқанын жеткізді.
Мұнан бөлек, «Шапағат» қайта оңалту орталығы» ҚҚ президенті, «Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Женсикбаева «Әлеуметтік кәсіпкерлік ҮЕҰ – сектордың тұрақты даму факторы іспетті. Мүмкіндіктер және құқықтық негіздер», «Арал теңізі» ҚҚ директоры, «Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова «ҮЕҰ қызметін қайта бағдарламалау және қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуына ҮЕҰ-дың қатысуы», «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Арал аудандық филиалының төрағасы, «Арал аудандық Зейнолла Шүкіров атындағы шығармашылық бірлестік» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабай Жақып «Ұрпақтар сабақтастығы арқылы азаматтық қоғам құндылықтарының сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар жергілікті қауымдастық мәселелерін шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі тақырыбындағы дебат форматында сұхбат алаңының жұмысы өткізілді.