Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮЕҰ өкілдері белсенділікке үндеді

ҮЕҰ өкілдері белсенділікке үндеді

Аралда «Қызылорда облысының Үкіметінің емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды қолдау: даму мен өркендеу мақсатындағы серіктестік» тақырыбында форум өтті.
Оған Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, бизнес құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері, кәсіподақ ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынның мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдаудағы «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы», яғни халық үніне құлақ асатын мемлекет құруға белсенді қатысып, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауындағы міндеттерді орындау. Қызылорда облысы үкіметтік емес ұйымдарын белсенді қатысуға шақыру және аудандық, ауылдық үкіметтік емес ұйымдарының қызметін күшейту бағытында бірлескен шаралар қабылдау.
Форум ұйымдастырушысы «Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының Альянс Ассоциациясы» ЗТБ-нің төрайымы Анар Ізден сөз алып, аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын талдап өтті.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Махмут Марат аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын талдау жасады.
«Қазіргі таңда аудан көлемінде 53 азаматтық қоғам институттары тіркелген. Олардың отызы аудандық қоғамдық бірлестіктер, он бірі облыстық қоғамдық бірлестіктердің аудандағы филлиалдары және он екі қоғамдық қор тіркелген. Ауданда гранттармен «Арал теңізі», «Арал әйелдері», «Ғайберен», «Өрлеу-консалтинг», «Жаңа Арал толқыны» мен «Байтақ дала» жұмыс жасауда. Балық шаруашылығын дамыту, жерді құнарландыру, ауыл әйелдерін қолдау, аудан маңындағы шөлейтті учаскелерде орман тәлімбағын құру және басқа да жобаларды жүзеге асырып келеді. Аудан көлемінде биылғы жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 12 жобаға жалпы сомасы 121, 102 млн теңге бөлінді, – деді Анар Ізден.
Мұнан бөлек «Шапағат» қайта оңалту орталығы» ҚҚ президенті, «Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарының Альянс Ассоциациясы» ЗТБ-нің Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Женсикбаева «Әлеуметтік кәсіперлік ҮЕҰ – сектордың тұрақты даму факторы іспетті. Мүмкіндіктер және құқықтық негіздер», «Арал теңізі» ҚҚ директоры, «Қызылорда облыстық үкіметтік емес ұйымдарының Альянс Ассоциациясы» ЗТБ-нің Арал ауданы бойынша өкілі Баймаханова Айнагүл «ҮЕҰ қызметін қайта бағдарламалау. Қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуына ҮЕҰ-дың қатысуы», «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Арал аудандық филиалының төрағасы Жақып Жұмабай «Ұрпақтар сабақтастығы арқылы, азаматтық қоғам құндылықтарының сабақтастығы» тақырыбында баяндама жасады.
Мұнымен қоса, жергілікті қауымдастық мәселелерін шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі тақырыбындағы дебат форматында сұхбат алаңының жұмысы өтті.
https://kyzylorda-news.kz/

18 қыркүйек 2020 ж. 798 0