Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізілді. Жиында алдымен аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов сөз алып, аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын айтып өтті.
Одан соң Қызылорда облысы Азаматтық Альянс қауымдастығының төрайымы Абдрахимова Сапура аталған қауымдастықтың құрылған уақытынан бастап атқарған қызметтерімен қатар алдағы жұмыс жоспарымен де таныстырды. Сонымен қатар, Азаматтық Альянс қауымдастығының қоғам мен мемлекет арасындағы роліне кеңінен тоқталып, үкіметтік емес ұйымдарды мүшелікке өтуге шақырды.
Кездесуде «Еріктілер жылында» аталған ұйымдардың белсенділік танытуы, мемлекеттік тапсырыс арқылы әлеуметтік жобалармен жұмыс жасау, әлеуметтік желілерде ақпараттандыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиын барысында үкіметтік емес ұйым өкілдері де ұсыныс-пікірлерін білдіріп, өз ойларын ортаға салды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
05 ақпан 2020 ж. 1 055 0