БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алдымен облыстық табиғи реcурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б.Шаменов сөз алып, облыстағы балық шаруашылығы саласының бүгінгі жай – күйі, одан әрі дамыту жолдары мен проблемалық мәселелерге кеңінен тоқталып өтті.
Одан соң аудан прокуроры А.Тәженов биылғы жылдан бастап қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіріп, оның ішінде мал ұрлығы, мас күйінде көлік жүргізу, заңсыз аң және балық аулау бойынша заң талаптарының күшейтілгендігі жөнінде мәлімдеме берді.
Жиынға қатысушылар балық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды.