Қазақстан-Германия аграрлық-саяси диалогының өкілдері Арал ауданында болды

Кездесуде аудан басшысы балық шаруашылығын дамыту бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Ал келген қонақтар Аралдағы балық шаруашылығы саласында Германия елімен көптеген ұқсастықтары бар екенін айтты. Сондай-ақ, мамандармен тәжірибе алмасып, балық өнімдерін Еуропаға экспортау және балық шаруашылығын дамыту үшін бірлесіп жұмыс жасау жөнінде мүмкіндіктер қарастыратынын айтты.