Аралдың балығы көршілес елдерге сатылуда

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев меймандарға балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды кеңінен таныстырды.
Мұнан кейін депутаттар «Бөген сервистік дайындау орталығы» мен «АР-Н-КОМ», «Қуаныш» балық қабылдау, өңдеу және қатыру цехтарында болып, балықты аршу, өңдеу және арнайы су тоғандарындағы жұмыстарға қанықты. Аталған цехтарда Кіші Арал теңізінен ауланған теңіз маржандары еліміздің басқа қалаларымен қатар, көршілес мемлекеттерге де экспортталуда.
Жұмыс сапары барысында халық қалаулылары «САРАТС» жобасының бірінші кезеңінде сәтті жүзеге асқан «Ақ лақ» су тоспасы мен «Көкарал» бөгетінде болды.
Осылайша аудандағы балық шаруашылығы саласындағы бірқатар атқарылып жатқан істерге куә болған мәжіліс депуттатары оң бағасын беріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
https://kyzylorda-news.kzОсылайша аудандағы балық шаруашылығы саласындағы бірқатар атқарылып жатқан істерге куә болған мәжіліс депуттатары оң бағасын беріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.