Аралда 7 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді

Балық аулаумен қатар оны өңдеу жұмысы да ауданда жолға қойылған. Ауданда жылдық қуаттылығы 18900 мың тоннадан астам 7 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Бүгінгі күні «Арал балық өңдеу зауыты», «Арал СДО», «Камбала балық балықшылар өндірістік орталығы», «СДО Қарашалаң» ЖШС-ның балық өңдеу зауыттары балықты терең өңдеумен айналысса, «Ар-М-Кон», «Бөген СДО», «Қуаныш» шағын балық өңдеу зауыттары қатыру, мұздату және ыстау сияқты жеңіл өңдеумен айналысады. Сонымен қатар ауданда Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін Еврокод белгісі бар «Арал сервистік дайындау орталығы» ЖШС балық өңдеу зауыты жұмыс жасайды.
Міне, осының нәтижесінде Арал аудандық аумақтық инспекциясының есебі бойынша Ресейге – 693,25, Польшаға – 194,40, Украинаға – 79,99, Қытайға - 180, Нидерландияға - 92,82, Грузияға – 140, Әзербайжанға – 40, Германияға – 16,20 және көршілес Қырғызстанға 9,90 тонна балық экспортталған. Ал балық өсіру бағытындағы жұмыстар өте нәтижелі.