Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру жөніндегі мәжіліс өткізілді.
Аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешовтың төрағалығымен өткен мәжіліске облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев арнайы қатысты.
Жиын барысында ең алдымен аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының Арал ауданында іске асырылуы бойынша хабарлама жасады.
Соның ішінде, бағдарламаның үш бағыты бойынша, яғни, қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыттары бойынша атқарылғын жұмыстар жайын баяндап өтті. Осы орайда, бағдарламаның орындалу барысын пысықтаған басқарама басшысы жоспарланған жұмыстарды белгіленген межеге сай орындап шығу мақсатында әлде де тиісті шараларды жандандыру қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар тарапынан жолданған сауалдарға жауап берді.
Одан әрі алдағы 2020 жылы енгізілетін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына кеңінен тоқталып, түсініктеме беріп өтті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
12 қараша 2019 ж. 1 024 0