Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДА БОЛДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНДА БОЛДЫ

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Дүйсенұлы Жаханов ауданымызға арнайы жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында аудан әкімі М.Оразбаев аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмыс барысы мен жай-күйімен таныстырып өтті.
Алдымен іргетасы 1976 жылы қаланған аудандық орталық кітапхана мен тарихи-өлкетану мұражайында болған облыс әкімінің орынбасары апатты деп танылған ғимараттардың жағдайымен танысып, ескі нысанды аралады.
Мұнан соң, жақында төтенше жағдай орын алған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимаратында болды. Одан әрі, ағымдағы жылдың тамыз айында іргетасы қаланған аудандық оқушылар үйі ғимаратында болып, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Сонымен қатар, қаладағы индустриалды-техникалық және Арал көпсалалы колледждеріне ат басын бұрып, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен білім алып жатқан аудан азаматтарымен кездесті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
12 қараша 2019 ж. 1 303 0