Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өткізілді.Аудан әкімінің орынбасары Ж.Жұбановтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің басшылары, тиісті кәсіпорын басшылары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын аудан аумағында өткізу жайы қаралып, оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстар пысықталды.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Жұбанов апаттың айтып келмейтіндігін, сондықтан тәуліктің кез келген уақытында түрлі жағдайларға сақадай сай болу қажеттігін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5-6 қараша күндері аралығында «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланып отырғанын, осы орайда шұғыл түрдегі берілген тапсырмаға дер кезінде назар аударып, сақадай сай болу бағытында қажет етілетін жұмыстарды үйлестіру барысын тарқатып өтті.
Одан әрі, күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы М.Жиенбаевтың хабарламасы тыңдалды.
Комиссия отырысының қорытындысымен барлық мүдделі мемлекеттік органдарға қысқы кезеңде қауіпсіздік деңгейін қажетті дәрежеде қамтамасыз ету бойынша уақтылы іс-шаралар жүргізулері туралы тапсырмалар жүктеліп, оқу-жаттығу кезінде күшейтілген режимде жұмыс жасау ұсынылды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
02 қараша 2019 ж. 1 529 0