Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЕРОРИЗММЕН КҮРЕС ЖАЙЫ ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ

ТЕРОРИЗММЕН КҮРЕС ЖАЙЫ ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «терроризм актілерін қоса алғандағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды ұйымдастыру және террорлық тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша» облыстық ТҚК аппаратының мамандары мен аудандық осал обьекті басшыларының қатысуымен мәжіліс болып өтті.Облыстық терроризмге қарсы комиссияның хаттамалық шешімдерін орындау мақсатында құрылған облыстық жұмысшы топ құрамының қатысуымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары М. Мейірбеков төрағалық етті.
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің терроризмге қарсы орталық бөлімінің бастығы Е. Бекжанов, облыстық полиция департаментінің қызметкері Ғ. Искаков, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері А. Сапарғалиев және облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бас маманы А. Абишева баяндама жасады. Жиын барысында төтенше жағдайлардың алдын алу, оларға жол бермеу, басты белгілері мен нысандары туралы айтылды.
Сондай-ақ, бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлары да ортаға салынды.
Ғимараттарда қосалқы есік болуы және оның талапқа сай болуы, қауіпсіздік шараларына қолданылуға тиісті құрылғылар мен қауіп төне қалған жағдайда соғылатын дабылдар, олардың талаптары мен сипаттамасы, қосалқы есіктердің сыртқа ашылуы немесе адамдарға еркін сыртқа шығуға кедергі келтірмейтіндей жағдайда болуы айтылды.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан арнайы келген қызметкерлерге түрлі ұсыныстар мен сауалдар қойылды.
19 қаңтар 2019 ж. 1 190 0