22 отбасы жұмыспен қамтылды

Ал, орай, Қазақстан, Павлодар облыстарының жұмыс берушілер делегациясының «Солтүстік өңірлердегі бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі үстіміздегі жылдыңқазан айының алғашқы он күндігіндеөткізілді. Жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданы Ноғайбай ауылында бос жұмыс орындары мен заман талабына сай салынған 4 пәтерлі үймен қамтамасыз ету мүмкіндіктері бар екендіктері жөнінде айтты.
Егер, ерікті түрде қоныстандыру арқылы жұмысқа орналасқысы келетін азаматтар қоныстануға байланысты, яғни шығу өңірлерінен қабылдау өңірлеріне ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары көрсетіледі. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 35 АЕК (84 175 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Көшуге материалдық көмек Бағдарламаға қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі. Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге берілетін материалдық көмектің өз мөлшері бар.
Бұл бағытта ауданда нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Үстіміздегі жылы «Еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша, Солтүстік Қазақстан облысына – 4, Павлодар облысына – 13, Қостанай облысына – 3, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысына – 2 отбасы, яғни барлығы 22 отбасы қоныс аударды.
Халық жұмыс орындары бар жерге қоныс аударудың пайдалы жағы мол екендігін түсінді. Отбасы мүшелері жұмысқа орналасып, жайлы тұрмыс сүріп жатқан жерлестеріміз бағдарлама игілігін көруде.
Ж.Алдашев,
Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.