Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ҚОРҒАУ МЕН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕ МӘЖІЛІС ӨТТІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімінің өкіміне сәйкес кіші Арал теңізінде жануарлар дүниесінің қорғалуын және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы тобының отырысы өткізілді.
Аудан әкімі М.Оразбаевтың төрағалығымен өткен мәжіліске жұмысшы топ мүшелері - Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуроры Д.Аянұлы, облыстық көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы А.Қожаниязова, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкері А.Аяғанов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкері Ж.Сапаров, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық Арал инспекциясы бөлімінің басшысы Е.Есіркепов, Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің директоры Т.Емекешов және кіші Арал теңізінің табиғат пайдаланушылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде жануарлар дүниесінің қорғалуын және орнықты пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
Аталған мәселе турасында ең алдымен Қызылорда облысының табиғат қорғау прокуроры Дабыл Аянұлы арнайы баяндама жасады. Баяндама барысында Мемлекет басшысы браконьерлікке қатысты қылмыстарға жазаны қатайту жөнінде тапсырма бергенін, қазіргі таңда аталған мәселе өңірімізде өзекті болып тұрғанын атап өтті. Соның ішінде, құқық қорғау және уәкілетті органдармен тиісті шаралар жүргізілгенімен көксерке балығының браконьерлігі өршіп тұрғанын жеткізді.Осы орайда, арнайы құрылған жұмысшы топтың міндетіне тоқтала келе, аудандағы табиғат пайдаланушыларға рейдтік шаралар жүргізу кезінде жұмысшы топқа барынша көмек көрсетіп, заңсыз әрекеттерге қарсы тұруда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Одан әрі, маңызды мәселе бойынша аудан прокуроры А.Тәженов сөз алып, Арал ауданы көлемінде қоршаған ортаны қорғау және оның ресурстарын тиімді пайдалану туралы заңдардың сақталуы бағытында шаралар қолдану мақсатында аудангдық құқық қорғау және уәкілетті органдардың қызметкерлері құрамынан арнайы жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Мәселен, жұмысшы топ арқылы жүргізілген шаралар нәтижесінде жыл басынан бері браконьерлік әрекеттер бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған. Соның ішінде 5 қылмыстық іс сотқа жолданып, кінәлілер тиісті жазаға тартылған.
Бұл бағытта жұмыстар әлде де іс-шаралар жоспарымен көзделген мерзімде, жұмыс тәртібінде үздіксіз жалғасатын болады.



04 қазан 2019 ж. 1 226 0