Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шабақтардың қырылу себебі анықталды

Шабақтардың қырылу себебі анықталды

  Осыған дейін хабарлағанымыздай, 4 қыркүйек күні Арал ауданы, Қамыстыбас көлінің солтүстік батыс беткейінде орналасқан «Тоқпай» қашқын суында балық шабақтарының қырылу дерегі орын алған-ды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғалымжан Орақбаев мүдделі мемлекеттік органдармен құрылған жұмысшы топтың қорытындысын хабарлады.

  – Соңғы күндері ауа райы күрт құбылмалы боуына байланысты аптаған ыстықтан бірден салқындап, күшті жел тұрып, судың төменгі қабаты мен үстіңгі қабаты алмасып, «термоклин» жағдайы туындап, су құрамындағы оттегі мөлшерінің өзгеруінен болғанға бір ауыздан тұжырымға келді, – деді ол.
  5 қыркүйек күні «Қызылорда облысы көлеміндегі жабайы жануарлар мен балықтардың жаппай қырылуы және оның қаупі болуы анықталған жағдайда жедел қимылдау мақсатында, мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлерімен 2018-2020 жылдарға арналған өзара іс-қимыл кестесіне» сәйкес, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен балық өлімінің себебін анықтау мақсатында зертханалық сынамалар алу үшін жедел ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
  Айта кету керек, «Тоқпай» суы маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіне енгізілмеген. Қазіргі таңда балық шабақтарының қырылу деректеріне жол бермеу мақсатында балық қырылу дерегі орын алған жерге жақын орналасқан учаскелердің табиғат пайдаланушылары қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргізіп, өздеріне бекітілген су айдындарына жіберу шаралары ұйымдастырылуда. Сараптама қорытындысына сәйкес, «Тоқпай» су айдынында қалған балықтарды аулау адам өмірі мен қоршаған экологияға зиянды әсері тимейтіндігі белгілі болды.
syrboyi.kz

21 қыркүйек 2019 ж. 855 0