Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада «Уылдырық шашу» науқаны аяқталды

Қызылордада «Уылдырық шашу» науқаны аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс бойынша балық қорғау шаралары балықтардың уылдырық шашу және көбею кезеңінде өтті.

Мәселен, Кіші Арал теңізінің акваториясында 1 мамырдан 10 маусымға дейін, облыс аумағындағы өзге су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымға дейін.

«Уылдырық шашу» балық қорғау науқаны кезінде облыс бойынша 130 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, оның ішінде 57 іс әкімшілік шара қолдану үшін сот органдарына берілді, қалған 69 құқық бұзушыға қатысты айыппұл салынды. Табиғат қорғау заңнамасын бұзушылардан 98 балық аулау құралдары мен 2 626 кг түрлі балық тәркіленді», - дейді Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов.
baq.kz/news
12 маусым 2019 ж. 1 118 0