Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қорғау нұсқамасын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Айталық, Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабымен қорғау нұсқамасын бұзған азамат Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот талқылауы барысында анықталғандай, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, полиция қызметкерлерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жанұя мүшелеріне қатысты қандай да бір жан немесе тән азабын келтіретіндей әрекеттер жасауға тыйым салынған.
Алайда, азамат Н. өз үйінде жанжал шығарып, анасына балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы келетін әрекеттер жасап, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461 бабымен кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі