Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Заңсыз балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Т. ағымдағы жылдың сәуір айында кіші Арал теңізінің №17 учаскесінде, балық аулауға тыйым салынған құралмен балық аулаған.

Оның бұл әрекеті, балық аулау қағидаларын өрескел бұзу ретінде, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен дәрежеленген.

Сот азамат Т-ны аталған баппен кінәлі деп тауып, оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, оған 35 350 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі.
27 мамыр 2019 ж. 763 0