Құмар ойын ұйымдастырған бойжеткенге сот қомақты айыппұл салды

Сот отырысында құқық бұзушының құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен азаматша Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 444-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау заттарын тәркілей отыра, мемлекет пайдасына 336 700 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі