Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандарда медицина қызметкерлеріне екпе салынуда

Аудандарда медицина қызметкерлеріне екпе салынуда

Наурыз айында аудандарға ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозалары жеткізіліп, коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталған болатын. Вакцинацияның бірінші кезеңінде аралдықтарға 210 доза, қазалылықтарға 300 доза салынды.
– біз ауданғанға вакцина келе салысымен екпе жұмыстарын бастап кеттік. Наурыз айының 10-15 аралығында шипагер егу кабинетінен 149 медицина қызметкері екпе салдырды. Енді 21 күннен соң тағы 150 дозаны салдыратын болады. Вакцинациялаудан кейін азаматтарға 30 минуттық және 3 күндік бақылау жұмыстарын жүргіздік. Екпеден соң ауырсыну секілді қолайсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Бүгінде ауданда вирусқа қарсы дәрі қоры мен қажетті құрал-жабдықтар жеткілікті, – деді қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыт Алишева.

Аудандарда егу жұмыстары алдымен инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары адамдарға салынды. Оның ішінде медицина қызметкерлері, инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшыларына жүргізілді.

– Аралда вакциналау жұмыстарын жүргізу үшін «Байтұрсынов» ауылдық емханасында санитарлық-эпидемиялогиялық талаптарға сай егу бөлмелері дайындалды. Сондай-ақ, екпе егуге 4 дәрігер, 4 медбике және 2 медициналық тіркеуші мамандары жұмылдырылды. Қазір екпе салдырған азаматтар біздің дәрігерлердің бақылауында. Енді қалған дозалар алдағы уақытта кезең-кезеңімен жеткізілетін болады, – деді Арал ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Марат Ршымбетов.

syrboyi.kz

18 наурыз 2021 ж. 786 0