Қазақстандық және қытайлық вакцинаның айырмашылығы неде – маман жауабы

«Жалпы, вакциналарды бірдей деуге болады. Екеуі де инактивтелген вакцина саналады. Олардың құрамында SARS-CoV-2 вирусының өлтірілген штаммы бар. Құрамы да, адъюванттарының, белсенді заттарының болу да бірдей. Жалғыз айырмашылығы, айталық, қазақстандық вакцинаның сақтау мерзімі 6 ай, ал қытай вакцинасын 12 ай сақтауға болады», - деді Ләззат Ералиева Experts Hub Kazakhstan» жобасы сарапшыларымен өткен дөңгелек үстел барысында.
Оның атап өтуінше, екі вакцинаның техникалық детальдарында да болмашы айырмашылық бар.
«Яғни, аздаған ғана техникалық деталында өзгешелік бар. Ал көрсетілімі, қарсы көрсетілімі бірдей деуге болады. Тиімділігіне қатысты айтар болсақ, отандық ғалымдардың мәлімдемелеріне сәйкес, қазақстандық вакцинаның тиімділігі 90 пайызды құрайды. Дегенмен, қытайлық вакцинаның тиімділігі де осы шамада», – деді ол.