Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вакцина салдырғандарға келесі аптада «жасыл» мәртебе беріледі - Мусин

Вакцина салдырғандарға келесі аптада «жасыл» мәртебе беріледі - Мусин

Коронавирусқа қарсы вакцина алған азаматтар Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебеге ие болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халық алдындағы есептік кездесуінің қорытындысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біз денсаулық сақтау министрлігімен бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Келесі аптаның басында бізде барлық вакцина алған адамдар Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебеге ие болады. Қазір біз оны Ashyq функциясы деп атаймыз. Себебі ол бірнеше қосымшаларда қолжетімді болады», – деді Бағдат Мусин БАҚ өкілінің сауалына берген жауабында. Сонымен қатар, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин бүгінгі таңда негізгі интеграциялық жұмыстар аяқталғанын, жұмыстың тек соңғы бөліктері қалғанын жеткізді.
03 маусым 2021 ж. 418 0