Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұтынушылар қарызы өскен

Тұтынушылар қарызы өскен

Биыл Жосалы және Жалағаш кенттеріндегі газдандыру жұмыстары аяқталмақ. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Қазалы қаласы мен Шиелі ауданындағы Н.Бекежанов және Ш.Қодаманов ауыл тұрғындары табиғи газға қосылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Ерлан Жаңабаев айтты.  
-Биыл республикалық бюджетті бірінші нақтылану барысында Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Ж.Махамбетов елді мекендерін газдандыру жұмыстарын бастауға қаржы бөлінді. Жобаны толығымен аяқтау мақсатында 2022 жылға Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім жолданды. Қазір газбен жабдықтауға 8 жобаның сметалық құжаттамасы әзірленуде, – деді Ерлан Жаңабаев.
Бүгінде газдың ақысын кешіктіретіндердің саны артқан. Облыс бойынша тұтынушылардың қарызы 1 миллиард 246 млн теңгені құрайды.
– Жылу маусымы аяқталуына байланысты және келесі маусымға дайындық, қарызды жинау үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы ақы төлемеген тұтынушыларды жүйеден ажыратуға мәжбүр болып отыр. Өйткені, ақысы келесі айдың 25-не дейін төлеуі керек. Төлем жасалмаса газ жеткізу шектелетіні туралы ескертулер беріледі. Алайда хабарламалар көбіне еленбейді, – деді «Казтрансгаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары Ермек Қалдығұлов.
Газ есептегіш құрылғысын күтіп ұстауға және уақытылы тексеруден өткізуге меншік иесі жауапты. Құрылғының тексеру мерзімі өткен жағдайда тұтынылған тұрмыстық газ көлемін есептеуде  көрсеткіш есепке алынбайды. Тұтынылған газ көлемі соңғы тексеру мерзімі өткен күннен бастап есептеледі.
Айта кету керек, тұтынушылар электронды газ есептегіштерді механикалыққа ауыстырғаннан кейін, газ учаскелеріне бармай-ақ, kaspi.kz, homebank.kz мобильді қосымшалары арқылы онлайн сервистерді пайдалануға болады. Сондай-ақ Qiwi, Касса24 терминалдары арқылы төлей алады, яғни, газ есептегіш смарт карталарына ақша салу үшін газ учаскелеріне барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ.
Жансауле АБДУЛЛА,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
ІІ курс студенті

syrboyi.kz
11 маусым 2021 ж. 549 0