Қызылорда облысында газбен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

«Қазіргі таңда, 400 шақырымға құбыр салынып, бөлінген қаржының 60 пайызы игерілді. Сондай-ақ, Жақсықылыш кентінің газдандыру жұмыстары маусым айында толық аяқталды. Бұдан бөлек, 57 шақырымға газ құбыры салынды»,-деді Ерлан Ералыұлы.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Қазалы ауданы Мұратбаев ауылы және Шиелі ауданы Байсын елді мекендеріне ішкі газдандыру жұмыстары жүруде.