Ауылдарға таза су апару бәрінен маңызды

Одан әрі жиын барысында облыстық энергетика және тұрғын-үйкоммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Е.Жоламанов сөз алып, Арал ауданына қарасты елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту турасында жоспарланған жұмыстар жайын сөз етіп, көрсетілген мерзімге сәйкес жұмыстарды атқару бойынша бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.
Мәселен, Мергенсай ауылдық округне қарасты Тастүбек ауылын сумен қамту жайы талдана келе, ағымдағы жылы ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында алдын ала жоба іздестіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Жоба іздестіру жұмыстарының мақсаты, Тастүбек ауылына Мергенсай ауылында орналасқан су сорғыш бекетіне қосалқы су айдайтын су сорғыш орнатып 28 шақырым жерге құбыр тарту немесе ұңғыма (скважина) қазып су тұшытқыш аппаратын қою сынды тағы да басқа амалдарын қарастыру болып табылады.
Жиын қорытындысымен аталған мәселе бойынша әлде де жоспарлы жұмыстар жүргізу, тиісті елді мекендерге су желісінің жобасын әзірлеу жөнінде арнайы тапсырмалар берілді.