Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕНГІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ШИЖАҒА ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕНГІ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Арал ауданында мемлекеттік қазынадан қаражат бөлініп, жұртшылық үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайлы шешімін тауып келеді.
Күрмеуі қиын мәселе бүгінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Бұл бағытта қазіргі таңда ауданынға қарасты Октябрь ауылдық округі, Шижаға ауылында айтарлықтай істер атқарылуда. Осы орайда, бүгін аудан әкімі М.Оразбаев Шижаға елді мекеніне ат басын бұрып, жергілікті тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту мақсатында өткен жылдың тамыз айында бастау алған жұмыс барысымен танысып қайтты. 
Қазіргі таңда елді мекенде 43,5 шақырым полиэтилен құбыры тартылып, 409 дана су есептегіш құрылғысы және 212 көру құдықтары орнатылған. Су мұнарасының көлемі 50 м3.
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания МФТ «Тұран» ЖШС-нің мәліметінше ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары маусым айының басында-ақ толықтай аяқталады деп жоспарлануда.
27 мамыр 2018 ж. 1 842 0