«Спутник V» вакцинасын жүкті әйелдерге қолдану нұсқаулығы жарияланды

«Жүктілік кезінде «Гам-ковид-вак « препаратын клиникалық қолданудың тәжірибесі жоқ. Жануарларда репродуктивтік уыттылықты зерттеу барысында жүктіліктің өтуіне, эмбриофеталдық дамуына (аналықтарда) және ұрықтың пренаталдық дамуына теріс әсері анықталған жоқ. Осыған байланысты жүктілік кезінде «Гам-ковид-вак« препаратын күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек», – делінген құжатта.
Алайда, емізу кезінде «Спутник V» екпесін салдыруға болмайтыны айтылған. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың сөзінше, вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелерін, сондай-ақ тіркеуден кейінгі зерттеулер кезінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректерді ескере отырып, сарапшылар жүкті әйелдерге «Гам-ковид-вак» вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіштерді алып тастау туралы шешім қабылдаған. Министр: «Осылайша коронавирус инфекциясының ауыр ағымының қаупі жоғары жүкті әйелдерді вакциналау мүмкіндігі ашылды», – деді.
syrboyi.kz