Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 7 миллионнан астам адам COVID-ке қарсы вакцина алды

Қазақстанда 7 миллионнан астам адам COVID-ке қарсы вакцина алды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында белгілі болды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні елімізде 7,1 млн адам вакцина салдырған.

Оның ішінде, І компонентті 4 601 830 адам салдырған, бұл тиісті халықтың 46,5%-ын құрайды. Ал ІІ компонентті 2 541 853 адам салдырып үлгеріпті.
Вакцинациялау – вирустың таралуын азайтудың және бұрынғы өмір салтына, жұмысқа, қарым-қатынасқа, отбасылық дәстүрге және саяхатқа оралудың жалғыз тәсілі, - деді Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Роза Қожапова.
Оның айтуынша, егу пункттерінде вакцинаның саны жеткілікті көрінеді. І компоненттің 753 мың және ІІ компоненттің 1 млн 280 мың дозасы бар. Қазақстанда қазіргі кезде негізінен COVID-19-ға қарсы 2 вакцина – Спутник V немесе Гам-Ковид-Вак, QazVac пайдаланылады. Бірқатар өңірлерде аз мөлшерде Hayat-Vax SARS-CoV-2 және CoronaVac салынады.
Тәулік сайын республика бойынша орта есеппен 80-100 мың адам екпе алады.

baq.kz
14 шілде 2021 ж. 477 0